Accessibility links

Тәжікстан мен Өзбекстан кедендік салықты арттырды


Душанбе қаласындағы теміржолда тұрған жүк вагондары. Тәжікстан.

Душанбе қаласындағы теміржолда тұрған жүк вагондары. Тәжікстан.

Тәжікстан Өзбекстанға жауап ретінде өзбек тауарларын тасымалдауға салынатын салық мөлшерін арттырды деп хабарлайды Тәжікстанның теміржолдары мекемесінің басшысы Усмон Каландаров.

Оның айтуына қарағанда, Өзбекстан бір тона бидай ұнын тасымалдау үшін 2011 жылы 74 АҚШ доллары баж салығын алса, 2012 жылы оны 88,3 АҚШ долларына қымбаттатты.

Жалпы, Өзбекстан түрлі тауарларды алынатын салықтарды 32 пайызға арттырған. Каландаров Тәжікстанның да кедендік шығындардың орнын жабу үшін өз аумағынан тасымалданатын Өзбекстан тауарларынан алынатын салықтарды көтергенін жеткізді.

Усмон Каландаров сондай-ақ екі ел теміржол арқылы тасымалданатын тауарларға салынатын салықты түсіру жайында келісім жасай алады деген үмітін де білдірді.

Соңғы бірнеше жыл бойына Тәжікстан теміржол саласының басшылары Өзбекстан басшылығын Тәжікстан жүктерін тасымалдауды әдейі тоқтатып тастайды деп айыптаған болатын. Ал Өзбекстан болса тек Рогун су электр станциясының құрылысына қажетті материалдарды ғана бөгегенін айтады.
XS
SM
MD
LG