Accessibility links

АҚШ: Санкциялар Иранға әсер етті


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.
АҚШ Иранға енгізілген санкциялардың нәтиже беріп жатқанын мәлімдеді. Вашингтон Иранның Парсы шығанағына АҚШ әскери кемелері қайта-қайта келе бере болса, онда соққы береміз деп қорқытуы Иранның халықаралық оқшаулануға ұшырағанын білдіреді деді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд Тегеранның мұндай ескертулері Иранның өз ішінде проблемалар барын көрсетеді деді. Сарапшылар болса АҚШ пен Еуроодақтың қаржылық шектеулері Иран экономикасына әсер еткенін айтады.

Ал Иранның мұнай саласына енгізген санкциялар бірінші рет ел валютасы риалды әлсіретіп, өткен аймен салыстырғанда АҚШ долларына шаққандағы құнын 40 пайызға төмендетіп жіберген.

АҚШ пен Еуроодақ елдері өткен айда Иранның ядролық бағдарламасына қарсы қаржы-экономикалық санкциялар жариялаған болатын. Иран билігі егер Батыс елдері Иранды мұнай секторына қарсы санкцияларымен қорқыта беретін болса, Хормуз бұғазын жауып тастайтындығын бірнеше рет қайталады.
XS
SM
MD
LG