Accessibility links

Жаңаөзен мектептерінде ертең сабақ басталады


Жаңаөзен қаласының кіреберісіне қойылған нұсқаулық белгі. Маңғыстау, Жаңаөзен, 21 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен қаласының кіреберісіне қойылған нұсқаулық белгі. Маңғыстау, Жаңаөзен, 21 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен қаласының мектептерінде 5 қаңтардан бастап сабақ өтіле бастайды деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі премьер-министрдің ресми сайты арқылы. "Ертеңнен бастап оқушылар сабаққа келе бастайды. Демалысқа байланысты оқушыларға шектен тыс ауырлықтар жасалмайды" делінген хабарламада.

Облыстық білім басқармасы желтоқсанның 19-ынан бастап қаңтардың 4-іне дейін қаладағы мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде мерзімінен бұрын демалыс жариялаған болатын.

Жаңаөзендегі 22 мектепте барлығы 22193 оқушы білім алады.

16-17 желтоқсанда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Шетпе станциясында болған толқу кезінде ресми дерек бойынша 17 адам қаза тауып, 100 шақты кісі жарақат алды.
XS
SM
MD
LG