Accessibility links

Пәкістанда Қызыл крест ұйымының қызметкері ұрланды


Халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай ұйымдарының белгілері. Көрнекі сурет.

Халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай ұйымдарының белгілері. Көрнекі сурет.

Халықаралық қызыл крест ұйымы Пәкістанның оңтүстік батысындағы Кветта қаласында өз қызметкерін ұрлап әкеткенін хабарлады.

Ұйым өкілі Ситара Жабин ұрланған ер қызметкердің аты-жөнін, я ұлтын айтпады. Бірақ жергілікті полиция офицері Назир Ахмед Курд кейбір мәліметтерге жүгініп оның Ұлыбритания азаматы екенін жеткізді. Оның айтуынша, ұйым қызметкерін көлік мінген қарулы адамдар ұрлаған.

Белуджистан провинциясына қарайтын Кветта қаласы исламшыл қарулы топтар мен бүлікшіл сепаратистердің орталығы болып саналады. Исламшыл топтар мен бүлікшіл сепаратистер бұған дейін шетелдіктер мен жергілікті тұрғындарды талай рет ұрлап әкеткен болатын.
XS
SM
MD
LG