Accessibility links

Нигерияда шіркеуге шабуыл жасалды


Абуджа қаласындағы әулие Тереза шіркеуінде болған жарылыстан соң өртеніп кеткен көлік. Нигерия, 25 желтоқсан 2011 жыл.
Абуджа қаласындағы әулие Тереза шіркеуінде болған жарылыстан соң өртеніп кеткен көлік. Нигерия, 25 желтоқсан 2011 жыл.
Нигерияның солтүстігіндегі Насарава қаласында христиан шіркеуіне шабуыл жасалып, алты адам қаза тапты. Он адам жараланған.

Шіркеу пасторының айтуынша, шіркеуге қарулы адам шабуыл жасап, оқ атқан. Қаза тапқандардың арасында пастордың әйелі де бар көрінеді.

Осы және бұған дейін де христиан шіркеуіне жасалған шабуылдар Африканың халқы ең көп мемлекеті - Нигерияда діни сипаттағы шиеленістердің күшейіп келе жатқандығынан белгі береді.

Өткен желтоқсанның 25-інде католиктер рождество мейрамын тойлап жатқан кезде де шіркеуде жарылыстар болып, 40 адам қаза тапқан болатын. Бұл жарылыстарды елдегі белсенді исламшыл "Боко Харам" тобы өз мойнына алды. Топ өткен жылдың тамызында Нигерия астанасы Абуджадағы БҰҰ-ның ғимаратында 24 адам қаза тапқан жарылысты да өз мойнына алған болатын.
XS
SM
MD
LG