Accessibility links

ЕҚЫҰ Түркіменстанға бақылаушы жібермейді


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.

ЕҚЫҰ Түркіменстанда 12 ақпанда өтетін президент сайлауына бақылаушыларын жібермейтінін мәлімдеді.

2011 жылдың желтоқсанында ЕҚЫҰ өкілдері елдегі сайлауға дайындықтың қалай жүріп жатқандығын, сайлауға қатысқан жағдайда бақылаушыларға азаматтарға қандай мүмкіншіліктер берілетінін білу үшін Түркіменстанға келген. Ұйым өкілдерінің осы сапарынан соң Түркіменстандағы сайлауға қатысудың ешқандай маңызы жоқтығын айтты.

Бірақ ұйым Түркіменстан билігінің ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық жасау тілегін ескере отырып, сайлау өткізудің құқықтық және әкімшілік тетіктерін дамыту жұмыстарына баға беретін арнайы миссиясын жіберетінін айтты. Ұйым сондай-ақ Түркіменстанда демократиялық жолмен сайлау өткізуге қатысты ұсыныстар беру ниетін де білдірді

ЕҚЫҰ бұған дейін Түркіменстандағы я президенттік, я парламенттік сайлаулардың бір де біріне бақылаушыларын жіберіп көрмеген.
XS
SM
MD
LG