Accessibility links

Тимошенконың күйеуі Чехиядан саяси баспана сұрады


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко күйеуі Александр Тимошенкомен бірге. 17 қаңтар 2010 жыл.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко күйеуі Александр Тимошенкомен бірге. 17 қаңтар 2010 жыл.

Чехияның "Czech daily" басылымы бүгін Украинананың сотталған бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың күйеуі Александр Тимошенконың Чехиядан саяси баспана сұрағанын жазды. Ел үкіметіндегі ақпарат көздеріне сілтеген "Reuters" агенттігі де осындай хабар таратты. Бірақ Чехияның ішкі істер министрлігінің өкілі Павел Новак бұған қатысты түсінік бермеді.

Чехиялық "Pravo" басылымының жазуына қарағанда, 51 жастағы Александр Тимошенко Чехиядан саяси баспананы өткен жылдың соңында сұраған. Бұл мәселені елдің ішкі және сыртқы істер министрлері бұдан екі күн бұрын талқылаған. Чехияда бизнесі бар Александр Тимошенконың бұл елден саяси баспана алуға мүмкіндігі бар.

Украинадағы 2004 жылғы түрлі-түсті революцияның жетекшісі Юлия Тимошенко өткен жыдың қараша айында "қызмет бабын асыра пайдаланғаны" үшін жеті жылға сотталған болатын. Украина оппозициясы мен батыстық мемлекеттер оның ісін "саяси астары бар" деп сынаған.

Бұдан бір жыл бұрын Чехия Юлия тимошенко үкіметі тұсында Украинаның экономика министрі болған Богдан Данилишинге саяси баспана берген. Ал 2011 жылдың мамырында Украина Чехияның екі дипломатын "тыңшылықпен айналысты" деп елден шығарып жіберді.
XS
SM
MD
LG