Accessibility links

ОСК: Бақылаушылар саны 695-ке жетті


Қазақстандағы парламент пен мәслихат сайлауына бақылау жасайтын аккредитациядан өткен халықаралық бақылаушылардың саны 695 ке жетті деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопковаға сілтеген ҚазТАГ агенттігі.

Татьяна Охлопкова бүгін отырысын өткізген ОСК-ның халықаралық 4 ұйым мен шетелдік 13 мемлекеттен барлығы 369 бақылаушыны аккредитациядан өткізетінін де айтты.

Сайлауға 6 халықаралық ұйым мен 29 елдің өкілдері бақылау жасайды. ОСК өкілі бақылаушыларды тіркеудің қаңтардың 9-ында аяқталатынын ескертті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG