Accessibility links

Ғарыш қызметі туралы заң қабылданды


Қазақстан мен Ресейдің "Прогресс М-12М ғарыш кемесінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған сәті. Байқоңыр, 24 тамыз 2011 жыл.

Қазақстан мен Ресейдің "Прогресс М-12М ғарыш кемесінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған сәті. Байқоңыр, 24 тамыз 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ғарыш қызметі туралы" заңға қол қойды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Бұдан өзге, Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға да қол қойған.

Бұл заң ғарыштық қызмет саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған. Заң сондай-ақ ғарыштық қызметті дамытуды, оның құқықтық-нормативтік негіздерін қалыптастыруды көздейді.

Ғарыш қызметі саласындағы заңнамаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және осы салада қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту да заңда қарастырылған.
XS
SM
MD
LG