Accessibility links

АҚШ жаңа әскери стратегиясын жариялады


АҚШ президенті Барак Обама Пентагонда елдің жаңа әскери стратегиясымен таныстырып тұр. Вашингтон, 5 қаңтар 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Пентагонда елдің жаңа әскери стратегиясымен таныстырып тұр. Вашингтон, 5 қаңтар 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Пентагонда АҚШ-тың жаңа әскери стратегиясын жариялады.

Жаңа әскери стратегия бойынша АҚШ енді Ирак пен Ауғанстандағы қымбатқа түсетін соғыстан алшақтап, назарын Азия-Тынық мұхиты аймағына, оның ішінде Қытайға бұрмақ. Обама бұл жерде Азия-Тынық мұхиты аймағында Қытайдың әскери қуатының артып келе жатқанын атап өтті. Обама сондай-ақ АҚШ армиясының бұрынғыдан ықшам, бірақ жылдам әрекет ететіндей қайта жасақталатынын айтты.

АҚШ жаңа әскери стратегия бойынша енді терроризмге қарсы күреске, ядролық қаруды таратпауға, АҚШ аумағын қорғауға және кез-келген басқыншыға тойтарыс беруге күш салады.
XS
SM
MD
LG