Accessibility links

Ортодокс христиандары Рождествоны тойлап жатыр


Әлемдегі миллиондаған ортодокс христиандары Ғайса пайғамбардың туған күнін атап өтуде.

Мәскеудегі орыс православ шіркеуінің кафедральды соборы – Құтқарушы Христ шіркеуіндегі 5 мың адам қатысқан ғибадатты Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл өткізді. Мерекелік ғибадатқа Ресей президенті Дмитрий Медведев жұбайымен қатысқан.

Ортодокс христиандары Ғайса пайғамбардың туған күнін Юлиан күнтізбесі бойынша 7 қаңтарда атап өтеді.

Иорданның батыс жағалауындағы Вифлеемде және Египеттің Александрия қаласында да мыңдаған адам қатысқан Рождество ғибадаты өтті.
XS
SM
MD
LG