Accessibility links

БҰҰ-ның басшысы Батыс пен Иранды мәмлеге шақырады


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Тегеранның ядролық ұстанымына қатысты Батыс елдері мен Иран арасындағы шиеленісті қарым-қатынасты жеңілдетуге шақырды. Ол пікір қайшылығын келіссөздер арқылы шешуді ұсынды.

Пан Ги Мунның сөзіне қарағанда, Иран өзінің ядролық бағарламасы тек бейбіт мақсатқа арналғанын дәлелдеуі тиіс.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің Иранның ядролық қару жасап жатқанының айғақтары туралы айтылған соңғы баяндамасына алаңдаушылық танытқан.

Соңғы апталарда АҚШ пен басқа да елдер Иранға қарсы санкцияларды тағы да қатайта түсті, бұл Тегеранның наразылығын туғызды.
XS
SM
MD
LG