Accessibility links

Қосанов: ЖСДП-дан шыққандардың мәлімдемесі «қара пиар»


"Азат" ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Қосанов. Алматы, 6 қаңтар, 2012 жыл.

"Азат" ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Қосанов. Алматы, 6 қаңтар, 2012 жыл.

Сенбі күні Қазақстанның inform.kz ақпарат агенттігі «елдің шығысында Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының қатарынан 30 мүшесі шығып кетті, енді олар «Ақжол» партиясына өтуге өтініш бермекші» деген хабар таратты.

Қазақпараттың жазуынша, партияның төрт мүшесі-Вячеслав Смирнов, Айжан Сәдуақасова. Олеся Реймер және Дамир Бәкіров Өскемендегі баспасөз мәслихатында ұйымның болашағы жоқ және қызметі мардымсыз екенін атап өткен. Жалпы 30 адам партия қатарынан шығатыны жөнінде мәлімдеме жасады деп хабарланғанымен, ақпаратта олардың төртеуінің аты аталған.

Осыған қатысты сенбі күні Азаттыққа түсініктеме берген ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Қосанов:

«Шығыс Қазақстан облысындағы филиалдың жігіттерімен сөйлескенімізде бұл азаматтар бізбен 2007 жылдан бері хабарды үзген, сөйлеспеген, араласпаған. Сондықтан демократиялық ұйым ретінде олардың көңілі қаламаған соң, біз оларды маңайымызға тартқан жоқпыз деп айтты. Бес жылдан кейін бұлардың аяқ астынан оянып, шала бүлінуінде гәп жатыр. Яғни сайлау тақалды, ЖСДП-ның бағдарламасына билік ешқандай сын айта алмайды, сондықтан осындай арзанқолды пиар жасап, бізді жеккөрінішті көрсету, қаралау
Сондықтане бүгін мен өз басым штабтың жетекшісі ретінде мемлекеттік БАҚ-дан біржақты хабар таратуды доғаруды талап еткен мәлімдемеге қол қойып жатырмын»,- деп атап көрсетті.

Қосановтың айтуынша, ресми ақпараттағы ЖСДП қатарынан шыққан 30 адам бес жылдан бері партиядан қол үзіп кеткендер, ал бұған дейін Талдықорғанда сайлау алдында партиядан шыққан үшеудің біреуі ғана нақты партия мүшесі болған азамат.

Билік Ресейде «Единая Россия» парламент сайлауында 43 пайыз ғана дауыс алған соң, алдағы сайлаудан қорқып, үрейленіп отыр, сондықтан осындай «қара пиарға" барып, ал оны мемлекеттік ақпарат құралдары «жерден жеті қоян тапқандай» сүйіншілеп жариялап жатыр дейді Әміржан Қосанов.
.
XS
SM
MD
LG