Accessibility links

Барнауылда «қуыршақтар митингісі» өтті


Болотный алаңындағы наразылық акциясы. Мәскеу, 17 желтоқсан, 2011 жыл.

Болотный алаңындағы наразылық акциясы. Мәскеу, 17 желтоқсан, 2011 жыл.

Барнауылда азаматтық белсенділер «Әділетті сайлау үшін!» науқанының аясында айрықша акция ұйымдастырды. Азаттық радиосының орыс редакциясы тілшісінің хабарлауынша, оған балалар ойыншықтары қатыстырылған.

Акция Ресейдегі желтоқсан айының басындағы парламент сайлауының ресми қорытындысына наразылықтың жалғасы ретінде өткен. Белсенділер Барнауылдың орталығындағы қар үстіне «Достарға –миллиардтар. Бізге – соттың бассыздығы!», «Халықты саууды доғар!» деген жазулары бар плакаттар жапсырылған түрлі ойыншық мәшинелер, конструкторлар, аңдар мен құстардың бейнелерін әкеліп тізіп қойған.

"Қуыршақтар митингісі" полицияның жіті назарында болған.Күштік құрылымдардың қызметкерлері ұрандардың мәтінін көшіріп жазып, қуыршақтарды алып келген жастарды бейнетаспаға түсіріп алған.

Ұйымдастырушы Андрей Тесленко "қуыршақтар митингісінің" мақсаты – егер билік азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқын шектесе, қуыршақтар құқын шектеуге әзір олар жете қойған жоқ дейді.

Азаматтық белсенділер парламент сайлауындағы бұрмалаушылыққа қарсы келесі акцияны 14 қаңтарда өткізбекші.

Желтоқсан айында Барнауылда рұқсат етілмеген екі миинг өтіп, оның соңғысында 20-дай адам ұсталған.
XS
SM
MD
LG