Accessibility links

Ахмединежад Латын Америка сапарында жүр


Иран президенті Махмұд Ахмединежад.

Иран президенті Махмұд Ахмединежад.

Иран президенті Махмұд Ахмединежад ядролық бағадрламасына қатысты Тегеран мен Батыстың арасы шиеленісіп тұрған шақта Латын Америкасы елдеріне сапарға шықты.

Венесуэладан басталатын Ахмединежадтың сапары Куба, Никарагуа мен Эквадорда жалғасады. Ахмединежад антиамерикалық ұстанымымен белгілі Венесуэла президенті Уго Чавеспен Тегеран мен Каракастың экономикалық және саяси байланыстарын талқылайды. Соңғы жылдары көптеген әлемдік саясат мәселелерінде Каракас пен Тегеранның көзқарастары бір жерден шығып жүр.

АҚШ Иран президентінің сапары алдында Латын Америка елдерін Тегеранмен тығыз қарым-қатынас орнатудан сақтандырған болатын.

АҚШ пен басқа да бірқатар елдер Жаңа жыл қарсаңында Иранға қарсы санкцияларды қатайтты. ЕуроОдақ Иран мұнайына эмбарго енгізу мәселесін талқылап жатыр.
XS
SM
MD
LG