Accessibility links

Афиныда ауған елшілігі ашылады


Наурыз айының аяғына қарай Грекияның астанасында Ауғанстан елшілігі ашылуы мүмкін.

Бұл жөнінде мәлімдеген ауған Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық қызметтің міндеттерінің бірі заңсыз миграция мәселелерімен айналысау болады дейді.
Жыл сайын Грекияға 50 мыңға жуық ауған босқындары барады, олардың көбі құжатсыз, қаржысыз қайыршылық күн кешуге мәжбүр болып, кейбіреулері түрмеге де түседі.

Ауғанстан билігінің деректеріне қарағанда өткен жылы заңсыз мигранттар қатарындағы бір жүздей ауғандық қамаудан босатылған. Еліне қайтуға ниет еткен 600 адамға паспорт берілген.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG