Accessibility links

Араб лигасы Сириядағы бақылаушыларды көбейтеді


Араб лигасының бақылаушылары кездесу өткізіп жатыр. Сирия, Хомс қаласы, 4 қаңтар 2012 жыл.
Араб лигасының бақылаушылары кездесу өткізіп жатыр. Сирия, Хомс қаласы, 4 қаңтар 2012 жыл.
Араб лигасы Сирия үкіметін тағы да шерушілерге қарсы зорлық-зомбылықтарды тоқтатуға және лига бақылаушыларын елдегі тәртіпсіздіктерді барынша ашық тәуелсіз тексеруге мүмкіндік беруге шақырды.

Бірақ Каирде бас қосқан Араб лигасы елдерінің министрлері Сирия оппозициясының БҰҰ-ны лига бақылаушыларына көмекке тарту туралы өтініштерін қабылдамады. Катар премьер-министрі Шейх Хамад бен Джасем әл-Тани Араб лигасының алдағы күндері Сириядағы бақылаушылар санын қазіргі 163 адамнан 300 адамға дейін өсіретінін айтты.

Оппозиция Сирияда 2011 жылғы желтоқсанның 26-сынан бастап жұмыс істеп жатқан Араб лигасының бақылаушыларын "үкіметтің демонстранттарға жасап отырған зорлық-зомбылығын тоқтата алмады" деп сынап, БҰҰ-ны көмекке шақырған.
XS
SM
MD
LG