Accessibility links

Сырдария Маяқұм ауылына қауіп төндіріп тұр


Қызылағаш су қоймасы орналасқан тау шатқалы. Алматы облысы, 23 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қызылағаш су қоймасы орналасқан тау шатқалы. Алматы облысы, 23 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзенінің арнасынан тасыған су Отырар ауданының Маяқұм ауылын басып қалуы мүмкін деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі.

Агенттіктің жазуынша, тасыған су Түркістан қаласына баратын жол мен егістік жерлерді басып, енді Маяқұм ауылына жақындап келеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қоныбековтың айтуына қарағанда, бұл оқиғаға орай облыстың төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылған. Құтқару жұмыстары қауіп сейілгенге дейін жүргізіледі. Ал облыстық төтенше жағдайлардың алдын-алу басқармасының бастығы Кенжехан Төлебаев қазір Сырдария арнасының суы Көксарай су реттегішіне жіберіліп жатқанын айтады.

Маяқұм ауылын 2005 жылы да су басып, тұрғындар зардап шеккен еді.
XS
SM
MD
LG