Accessibility links

Бас прокуратура "Руханияттың" түгел құжатын тексермек


Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. Астана, 10 желтоқсан 2009 жыл.
Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. Астана, 10 желтоқсан 2009 жыл.
Бас прокуратура бүгін "Руханият" партиясының биліктен айырылған төрағасы Серікжан Мәмбеталиннің орталық сайлау комиссиясының атына түсірген шағымын кері қайтарып, партияның түгел тексеріп шығуды сұрады деп хабарлайды бас прокуратура өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковке сілтеген ҚазТАГ агенттігі.

Сот отырысында сөйлеген Сүйіндіков соттың "прокуратура анықтаған жалған құжаттарға жекелей анықтама беруін сұрап", құқық қорғау органдарына партияның түгел құжатын тексеріп шығуды ұсынған.

Серікжан Мәмбеталин "Руханият" партиясының төрағасы болып тұрған кезде орталық сайлау комиссиясының партияны парламент сайлауына қатысу құқынан айырған қаулысын жою туралы шағым беріп, қаңтардың 6-сындаі Астанада сол іс бойынша сот басталды.

Ал «Руханият» партиясының негізін қалаған Алтыншаш Жағанова сол күні кешке жақын партияның сьезін өткізіп, төрағалыққа қайта сайланған. Мәмбеталин Жағанованың бұл әрекетін заңсыз деп санап, наразылық ретінде ертесіне аштық жариялады.
XS
SM
MD
LG