Accessibility links

Иран бұрынғы АҚШ азаматын өлім жазасына кесті


Иранның революциялық соты "Орталық барлау басқармасына (ОББ) тыңшылық істеді" деген айыппен 28 жастағы Әмір Мырза Хекматиді өлім жазасына кесті деп хабарлады осы елдің жартылай ресми Fars агенттігі.

Агенттіктің жазуынша, бұрынғы АҚШ теңіз жаяу әскері, қазір Иран азаматтығын алған Әмір Мырза Хекмати "жау елмен ынтымақтасып, ОББ тыңшысы болғаны үшін" өлім жазасына кесілген. Иранның ресми орындары бұған қатысты түсінік бермеген.

Өткен жылдың желтоқсанында тұтқындалған Әмір Мырза Хекмати "көршілес Ауғанстандағы АҚШ базаларында дайындықтан өтті" деп айыпталған. Ол кейін Иран телеарналары арқылы "Иранның барлау қызметіне енуге жіберілген ОББ тыңшысы екенін" мойындады. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Әмір Мырза Хекматидің АҚШ-тағы отбасы оның Ирандағы туысына барғанын айтады.

АҚШ мемлекеттік департаменті Ираннан Әмір Мырза Хекматиді босатуын талап еткенімен, Тегеран оны швейцарлық дипломаттарға сотқа дейін де, сот процесі кезінде де көруге рұқсат етпегенін айтады.

Вашингтон мен Тегеран дипломатиялық байланыс жасамайтындықтан, Швейцария АҚШ-тың Иранмен байланысында арағайындық қызметін атқарады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG