Accessibility links

Ердоған: Сирияда азамат соғысы басталуы мүмкін


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған көршілес Сириядағы зорлық-зомбылық діни және нәсілдік азамат соғысына ұласуы мүмкін деген қауіп айтты. Ердоған "мұндай жағдайда Түркияға да қауіп төнетіндіктен, Анкара Сириядағы жағдайды шешуде басты рольді атқаруы керек" деп санайды.

Телеарна арқылы сөйлеген Режеп Тайып Ердоған Сирия президенті Башар әл-Асад режимін "халқын аяусыз қырып жатыр" деп айыптап, Түркияның Сирия үкіметіне қарсы санкциялар салғанын айтып кетті.

Түркия бірнеше айдан бері көршілес Сирия үкіметін шерушілерді басып-жаныштағанын үшін айыптап келеді. Ал БҰҰ мәліметтері бойынша, Сирияда үкіметке қарсы шерулер басталғаннан бері 5 мыңнан астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG