Accessibility links

Елші: Қазақстандағы терактілерге АҚШ-тың қатысы жоқ


АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Дж. Фэйрфакс Қазақстандағы терактілерге АҚШ-тың қатысы жоқ екендігін айтты деп хабарлайды Tengrinews агенттігі.

Агенттіктің онлайн конференциясына қатысқан Кеннет Дж. Фэйрфакс Қазақстанда 2011 жылдың қазан және қараша айларында Ақтау мен Тараз қалаларында болған жарылыстарға АҚШ-тың қатысы болуы мүмкін деген бейресми жорамалдарды жоққа шығарған. Елші "Мұндай жорамалдардың негізі жоқ. АҚШ терроризм мен зорлық-зомбылықты қатаң айыптайды. Біз Қазақстан үкіметімен терроризмге қарсы тұру саласында белсенді ынтымақтастық орнатып келеміз" дейді.

2011 жылы 31 қазанда Атырауда, ал 12 қарашада Таразда жарылыстар болып, барлығы 8 адам қаза тапқан. Кейін интернет беттерінде бұл жарылыстардың артында "үшінші күш, дәлірек айтқанда АҚШ" тұруы мүмкін" деген жорамалдар айтылған.
XS
SM
MD
LG