Accessibility links

Беларусь белсенділеріне сот үкімі шықты


Тәуелсіз журналист Александр Баразенко Минск сотында. Минск, 8 желтоқсан 2008 жыл.

Тәуелсіз журналист Александр Баразенко Минск сотында. Минск, 8 желтоқсан 2008 жыл.

Беларусь соты азаматтық белсенді Никита Коваленко мен тәуелсіз журналист Александр Баразенконы Минскіде КГБ ғимаратында өткен наразылық акциясына қатысқаны үшін 15 және 11 тәулікке қамауға үкім шығарды.

Коваленко мен Баразенко 8 қаңтарда оппозиция белсенділерін босатуды талап еткен акцияға қатысқанда ұсталған. Никита Коваленко акцияны ұйымдастырған, Александр Баразенко акцияны "Белсат" спутниктік телеарнасына жіберу үшін видеоға түсіріп жүрген.

Сот "журналист Баразенко акцияға бірдей қатысқан болып саналады, себебі ол бұған дейін де осыған ұқсас акцияны түсірген" деген уәж айтады. Сотта өзінің акцияға қатыспағанын, тек видеоға түсіргенін айтқан Баразенко өзін тұтқындауға және соттың шешіміне қарсылық ретінде аштық жариялайтынын хабарлады.

Белсенді Павел Виноградовтың айтуынша, судья сотқа куәлік беру үшін Баразенко мен Коваленконы тұтқындаған КГБ қызметкерлерін де шақырмаған.
XS
SM
MD
LG