Accessibility links

Грекияда анархистер радиостанцияны басып алды


Грекияда бүгін бір топ анархистер Flash деп аталатын радиостанцияны басып алып, Грекиядағы террористік ұйымды қолдайтын хабарлар тарата бастады.

Радиостанция басшыларының айтуынша, 30 шақты анархист студияға басып кіріп, "Революциялық күрес" тобын қолдайтын хабар тарата бастаған. Бұл топ 2007 жылы Афиныдағы АҚШ елшілігін гранатометпен атқылаған болатын.

Полиция радиостанция орналасқан аймақты қоршауға алды. Бірақ анархистердің шабуылына қарамастан жұмысын жалғастырып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG