Accessibility links

"Роскосмос" ғарыш кемелері ақауының себебін айтты


Ресейдің "Роскосмос" ғарыш агенттінің басшысы Владимир Поповкин.
Ресейдің "Роскосмос" ғарыш агенттінің басшысы Владимир Поповкин.
Ресейдің "Роскосмос" ғарыш агенттігінің басшысы Владимир Поповкин соңғы кездерде ұшырылып жатқан ғарыш кемелерінің сәтсіздікке ұшырай беруіне "зымияндық әрекеттер себеп болуы мүмкін" деген болжам айтты. "Известия" газетіне берген сұхбатында Поповкин ғарыш аппараттарын тасымалдайтын кейбір кемелердің апатқа ұшырауы немесе апатты жағдайда жерге қонуына "белгісіз қателіктер" себеп болды деген пікір айтқан.

"Мен әлдебіреулерді айыптайын деп отырған жоқпын, бірақ бүгінде ғарыш аппараттарына ықпал ете алатын күшті құрылғылар бар және олардың осы мақсатта қолданылуын жоққа шығара алмаймын" деген Поповкин. Ол сондай-ақ Ресейдің ғарыш саласы қаржының жетіспеушілігінен "техникалық тұрғыдан қауіпті шешімдер жасауға мәжбүр екенін де" айтқан.

"Роскосмос" басшысы бұл сұхбатын желтоқсан айында "Фобос-Грунт" аппаратының сәтсіздікке ұшырауына орай берді. "Фобос-Грунт" аппараты қараша айында Марс ғаламшарының Фобос деп аталатын серігін зерттеуге жіберілген. Бірақ аппарат жер орбитасынан қайтып оралды.
XS
SM
MD
LG