Accessibility links

Сенат мемлекеттік органдар туралы заң жобасын мақұлдады


Қазақстан парламенті мәжілісінің ғимараты. Астана, 27 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан парламенті мәжілісінің ғимараты. Астана, 27 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Бүгін парламент сенаты пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік органдар туралы" заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұхтар Алтынбаевтың айтуынша, ҰҚК қызметкерлерін қызмет барысында әкімшілік тұтқындамау, жеке басы мен қызметтік көлігін тексермеу сияқты артықшылықтар беретін бап заңнан алынып тасталған.

Заң жобасына сай енді ҰҚК, "Сырбар" сыртқы барлау қазметі мен президенттің күзет қызметіне жұмысқа тұратын азаматтар психиатрдың тексеруінен, жалғандықты анықтау детекторы сынағынан өтеді. Сондай-ақ бұл мемлекеттік органдардың қызметкерлері тек жеке бастары мен әйелдерінің ғана емес, отбасындағы кәмелеттік жасқа толған барлық мүшелерінің салық декларациясын қоса өткізуге міндетті.

Сенат бұған қоса аталған заң жобасына қосымша жүретін нормативтік-құқықтық актілер мен заң жобаларын мақұлдаған.
XS
SM
MD
LG