Accessibility links

Иранда ядролық физика профессорына қастандық жасалды


Тегеранның оңтүстігінде орналасқан Натанз уран байыту зауыты. Көрнекі сурет.

Тегеранның оңтүстігінде орналасқан Натанз уран байыту зауыты. Көрнекі сурет.

Иранның ақпарат агенттіктері бүгін Тегеранда жарылыс болып, онда Натанз уран байыту зауытында жұмыс істейтін университет профессоры 32 жастағы Мұстафа Ахмади Рошан қаза тапты деп хабарлады.

Жарылыс Мұстафа Ахмади Рошан мен өзге екі адам мініп келе жатқан көлікке мотоциклден магниттік бомба лақтырған. Fars агенттігі жарылысты "теракті" деп атаған. Ал Тегеран қаласы губернаторының орынбасары оған Израиль жауапты деп атады.

Елдің ақпарат құралдары бүгінгі шабуылды Тегеранда бұдан бір жыл бұрын Тегеран университетінің профессоры Масуд Әли Мұхаммадиге жасалған шабуылмен теңестіреді.
XS
SM
MD
LG