Accessibility links

Оралда жұмысшылар наразылық танытты


«Ersai Caspian Contractor LLC» («Ерсай Каспиан Контрактор») компаниясының жұмысшылары. Көрнекі сурет.

«Ersai Caspian Contractor LLC» («Ерсай Каспиан Контрактор») компаниясының жұмысшылары. Көрнекі сурет.

Бүгін Орал қаласында Маңғыстау облысындағы "Ersai Caspian Contractor LCC" («Ерсай Каспиан Контрактор») компаниясының 100-ге тарта бұрынғы жұмысшысы "Нұр Отан" партиясы кеңсесінің алдына жиналды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жұмысшылар "Ersai Caspian Contractor LCC" компаниясынан өздерін "қара тізімнен" шығарып тастауды талап еткен. Компанияның бұрынғы жұмысшыларының айтуынша, өткен жылдың жазында компания вахталық әдіспен 280-ге тарта жұмысшыны жұмыстан заңсыз шығарып жібергенде оларды компанияның "қара тізіміне" қосып қойған. Ал жұмыс іздеп басқа жерге барса, компания оларды "қара тізімге" енгізіп қойғандықтан жұмысқа алмайтын көрінеді. Олар өздерінің ешқандай заң бұзбағандарын, жұмыстан заңсыз шығарылғандарын айтады.

Жиынға облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысқан және бейбіт түрде өткен.

Маңғыстау облысындағы мұнайшылардың алғашқы наразылығы Қашаған жобасында құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатысқан "Ersai Caspian Contractor LCC" компаниясының жұмысшылары заңсыз жұмыстан шығарылған кезде басталған болатын.
XS
SM
MD
LG