Accessibility links

Украина Ресейден алатын газын екі есеге азайтады


Украинаның энергетика министрі Юрий Бойко бүгін Украинаның 2012 жылы Ресейден импорттайтын табиғи газдың көлемін екі есеге азайтатынын хабарлады. Бойко Украинаның биыл 27 миллиард текше метрге жуық газ тұтынатынын жеткізді. Яғни, биыл Украина Ресейден тек 16-17 миллиард текше метр ғана газ импорттайды деген сөз.

Украина Ресеймен 33 миллиард текше метр газ импорттауға келісім жасасқан. Ресей Украинаға импорттайтын газына бірден төлем жасауы тиіс деп бірнеше рет мәлімдеген.

Ал Бойко "егер Ресей жағында қандай да бір мәселе болса, оны "өркениетті жолмен" шешу керек" деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG