Accessibility links

Сирияда француз журналисі қаза тапты


Сирияда қаза тапқан француз журналисі Жиль Жакье.
Сирияда қаза тапқан француз журналисі Жиль Жакье.
Сирияның Хомс қаласында Франция телеарнасының журналисі Жиль Жакье қаза тапты. France 2 қоғамдық телеарнасы өзінің журналисі Жиль Жакье Хомсқа билік ұйымдастырған сапармен барғанын айтады. Сирия телеарнасы сапарда сегіз адамның қаза тапқанын хабарлады.

Франция мен Еуропа одағы Сириядан журналистің қалай қаза тапқанын егжей-тегжейлі түсіндіруді талап етті.

Араб лигасының Сириядағы бақылаушыларының бірі, алжирлік Әнуар Малек Сирияда бақылаушы болудан бас тартатынын мәлімдеді. Әнуар Малек өзін бақылаушы ретінде емес, Сирия үкіметінің шерушілерді өлтіре беруіне жағдай жасап жүргендей сезінгенін айтқан.

Франция журналисі - Сирияда халықтық наразылықтар басталған тоғыз айдан бері қаза тапқан алғашқы Батыс журналисі.
XS
SM
MD
LG