Accessibility links

Ресей: Иранда әскери жанжал болуы әбден мүмкін


Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев.

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев.

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев "АҚШ-тың Иранға соққы беруі мүмкін" екенін айтып, "шынымен соғыс қаупі туындап отыр" деп ескерту жасады.

Ресейдің "Коммерсант" газетіне берген сұхбатында Патрушев әскери қақтығыс қаупі ушыққанын, бұған Израильдің АҚШ-ты итермелеп тұрғанын айтқан. Патрушев сондай-ақ "Иранның ядролық бағдарламасынан ешкімнің ядролық қару жасау нышаны барын дәлелдемегенін" де айтқан.

Иран кеше ядролық бағдарлама саласында жұмыс істейтін ғалымның қастандықпен қаза табуына "шетелдік төрт елдің қатысы барлығын дәлелдейтін айғақтар бар екенін" мәлімдеген.

МАГАТЭ бұдан екі ай бұрын жасаған баяндамасында "Иран ядролық қару жасауға тырысып жатыр" деген еді. АҚШ пен Батыс елдері осыған орай Иранға қарсы экономикалық және қаржылық санкциялар енгізген. Өткен аптада Еуропа одағы Ираннан мұнай импорттауға эмбарго қоятынын хабарлады.

Иран ядролық бағдарламасын тек бейбіт мақсатта пайдаланатынын айтып келеді.
XS
SM
MD
LG