Accessibility links

Дінмұхамед Қонаевқа Алматыда мұражай ашылды


 Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған жиында президент Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.

Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған жиында президент Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.

Бүгін Алматыда бұрынғы советтік Қазақстанның басшысы Дінмұхамед Қонаевтың 100 жасқа толған күніне орай өзі тұрған үйде мұражай ашылды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Қонаев атындағы қордың президенті Кеңес Аухадиев мұражайдың ашылуында "Өткен жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаев тұрған пәтерде оның өзіне мұражай ашу туралы тапсырған болатын. Мұражай бүгін ашылды" деді.

Мұражай директоры Жание Серікбаеваның айтуына қарағанда, мұражайдың бір ерекшелігі - оның бұрынғы қалпынан өзгермегендігінде. Мұражайда Қонаевтың мерейтойына сыйға берілген оның бейнесі салынған гүлсауыт, басқа мемлекеттердің басшылары сыйлаған заттар қойылған.

Агенттіктің хабарына қарағанда, мұражайдың ашылуына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев және аудандық әкімдіктердің өкілдері қатысқан. Сондай-ақ билік өкілдері мен қала тұрғындары Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіз еске алды.

Дінмұхамед Қонаев советтік Қазақстанды 1964-1986 жылдары басқарды.
XS
SM
MD
LG