Accessibility links

Ресей думасы сайлауға жауапты тұлғаларды шақырды


Коммунистік партиядан сайланған дума депутаты Иван Мельников.
Коммунистік партиядан сайланған дума депутаты Иван Мельников.
Ресей парламентінің төменгі палатасы мемлекеттік дума орталық сайлау комиссиясының төрағасын, бас прокурорды, ішкі істер министрі мен тергеу комитетінің басшысын думаның 27 қаңтарда болатын сессиясына қатысып, 4 желтоқсандағы сайлауға қатысты сұрақтарға жауап беруін сұрады.

Ресей думасына сайланған коммунистік партиясы спикерінің орынбасары Иван Мельников партияның думадағы фракциясы алдымен орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Чуровты тыңдағылары келгенін, бірақ артынан ұзақ кеңесуден соң бас прокурор Юрий Чайканы, ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиевті және тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинді де тыңдау керек деп тапқанын айтты.

Желтоқсанның 4-інде Ресей парламентіне сайлау болып, билеуші "Единая Россия" партиясы жеңіске жеткен болатын. Оппозиция "сайлау әділетсіз өтті" деп санап, содан бері елде ара-тұра шеру өткізіп келеді.
XS
SM
MD
LG