Accessibility links

Молдова президентін сайлау кейінге ысырылды


Молдованың картасы. Көрнекі сурет.

Молдованың картасы. Көрнекі сурет.

Молдованың конституциялық соты 16 желтоқсанда өткен, ешкім жеңіске жетпеген президент сайлауының күшін жойды. Бұл шешім парламентке елдің жаңа басшысын анықтап, сайлауға тағы біраз уақыт бермек.

Бүкілхалықтық дауыс беру жолымен емес, парламентте дауыс беру арқылы сайланатын Молдовадағы президент сайлауы жоспарланғандай 15 қаңтарда өтпейтін болды. Парламент ақпан айында өзінің жұмысына қайта кіріскеннен соң жаңа сайлау мерзімін белгілеуі керек.

Молдовада парламенттегі партиялардың ешқайсысы президентті ұсынуға қажетті дауысты ала алмағандықтан екі жылдан астам уақыттан бері президент сайлай алмай отыр.
XS
SM
MD
LG