Accessibility links

Иранда діни топ мүшелері қамауға алынды


Исфахандағы Гонабади сопылық орденінің құлшылық үйлерінің қиратылған көрінісі. Иран, Исфахан, 18 ақпан 2009 жыл.
Исфахандағы Гонабади сопылық орденінің құлшылық үйлерінің қиратылған көрінісі. Иран, Исфахан, 18 ақпан 2009 жыл.
Тегеран мен Ширазда Гонобади Ниматолла сопылық орденінің мүшелері Симин Ниматолла мен Касра Нури қамауға алынды. Орден біраздан бері Иран билігінің қысымына ұшырап келе жатқан.

Дәруіштерге қатысты жаңалықтарды тарататын majzouban веб-сайтының хабарына қарағанда, ол екеуіне Иран билігіне қарсы үгіт-насихат жасады деген айып тағылған.

Соңғы жылдары Иран үкіметі сопылық орденнің құлшылық жасайтын бірнеше үйін қиратып, ондаған дәруішті түрмеге қамаған болатын.
XS
SM
MD
LG