Accessibility links

Мәскеуде тәжік оппозиционеріне шабуыл жасалды


Тәжікстанның Мәскеудегі оппозициялық жетекшілерінің бірі Додожон Атавулло.

Тәжікстанның Мәскеудегі оппозициялық жетекшілерінің бірі Додожон Атавулло.

Мәскеуде Тәжікстанның оппозициялық қозғалысы жетекшілерінің бірі, журналист Додожон Атовуллоға шабуыл жасалды. Шабуыл Мәскеудегі мейрамханалардың бірінде түнде жасалған.

Додожон Атовулло шабуылдан ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен. "Интерфакс" агенттігі полицияның "шабуылды әдейі ұйымдастыруы мүмкін" деп күдіктеніп отырғанын жазады.

Додожон Атавулло - Мәскеуде орналасқан Тәжікстан оппозициялық "Чароги Руз" басылымының бас редакторы және "Ватандор" оппозициялық қозғалысының жетекшісі.
XS
SM
MD
LG