Accessibility links

Сот Қалмырзаевтың шағымын қанағаттандырды


Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев.

Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев.

Президент Назарбаевтың бұрынғы іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаевтың "Свобода слова" газетінің үстінен берген шағымының кейбір талаптарын сот қанағаттандырды деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Қалмырзаевтың шағымын қараған Алматы қаласының Медеу аудандық соты газеттегі Қалмырзаевқа қатысты жазылғандарды терістеуге, бас редактор Евгений Рахымжанов пен журналист Дилярам Аркиннен 2 миллион теңге моральдық өтемақы өндіріп беруге үкім шығарды.

Бұған дейін Сарыбай Қалмырзаев "Свобода слова" газетінің үстінен сотқа шағым түсірген болатын. Ол шағымында газетте басылған бірнеше мақалаларындағы кейбір мәліметтерді терістеуді, газет пен мақала авторы Дилярам Аркиннің өзінен көпшілік алдында кешірім сұрауын және моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өндіріп беруді сұраған.

Сарыбай Қалмырзаев бұған дейін экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің төрағасы, Қазақстан президентінің іс басқарушысы қызметтерін атқарған.
XS
SM
MD
LG