Accessibility links

"Халық майданы": Жаңаөзен оқиғасына себепкер емеспіз


Режиссер, "Халық майданы" қозғалысының мүшесі Болат Атабаев баспасөз жиынында. Алматы,13 қаңтар 2012 жыл.

Режиссер, "Халық майданы" қозғалысының мүшесі Болат Атабаев баспасөз жиынында. Алматы,13 қаңтар 2012 жыл.

"Халық майданы" оппозициялық қозғалысы құрған қоғамдық комиссия Жаңаөзен оқиғасына қатысты үкіметтік комиссияның жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеді деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Бүгін Алматыда баспасөз жиынын өткізген қоғамдық комиссия өкілдері - режиссер Болат Атабаев пен қоғамдық белсенді Серік Сапарғалиев үкіметтік комиссияның атқарған жұмысына көңілдері толмайтынын, "Халық майданы" қозғалысының Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысы жоқтығын айтты.

Болат Атабаевтың айтуынша, "билік Жаңаөзен оқиғасында арандату әрекеттерін сыртқы күштер, оның ішінде Лондоннан Мұхтар Әблязов ұйымдастырды дегісі келеді, бірақ іс жүзінде оның өзін емес, жаз айларынан бері белсенді мұнайшылар мен олардың мәселесін көтеріп жүрген "Халық майданы" қозғалысының белсенділерін тұтқындап жатыр".

Серік Сапарғалиев Жаңаөзенде "Халық майданы" қозғалысының белсендісі Айжангүл Әмірованың, мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаева мен Талғат Сақтағановтың қамалғанын, енді соларға "мұнайшыларды арандатты" деп жалған айып тағылғалы жатқанын" айтты. Оның айтуынша, арандатушылық "билік тарапынан о баста - жаз айларында, мұнайшылар мен олардың туыстарының қазасынан басталған".
XS
SM
MD
LG