Accessibility links

Клинтон АҚШ әскерилерін айыптады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон америкалық сарбаздардың тәліптер мәйіттерін қорлағанын қатаң айыптады. Бұған дейін АҚШ әскерилерінің мәйіт үстіне дәрет сындырғаны түсірілген видео тараған еді. Онда АҚШ теңіз жаяу әскерінің төрт сарбазының сұлбасы байқалған болатын. Кейін оның екеуінің аты-жөндері анықталды.

CNN-нің хабарлауынша, оқиғаға Солтүстік Каролинадағы Кэмп-Лежен базасында орналасқан әскери бөлімшенің сарбаздары қатысқан. Бұл бөлімше 2011 жылдың басында Ауғанстанға жіберіліп, сол жылдың қазан айында АҚШ-қа қайтып оралған еді.

Хиллари Клинтон видеодағы оқиғаны "сұмдық көрініс" деп бағалаған. Ал АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта видеодағы оқиғаны тексеруді тапсырып, қорлау әрекеттеріне қатысқан сарбаздардың қатаң жауапқа тартылатынын айтып уәде берді.

Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың әкімшілігі видеоға "қатты алаңдағанын" жеткізді.Талибан өкілі Забихулла Муджахед АҚШ әскерилерінің әрекетін "тағылық" деп атады. Бірақ Талибан өкілі видеоның тұтқындарды алмастыруға қатысты жүргізіліп жатқан бейбіт келіссөздерге еш әсер етпейтінін айтты.
XS
SM
MD
LG