Accessibility links

Сауд Арабиясында шерушілер мен полиция қақтығысты


Хатиф қаласындағы шерушілер мен полицияның қақтығысы. Сауд Арабиясы, 11 наурыз 2011 жыл.
Хатиф қаласындағы шерушілер мен полицияның қақтығысы. Сауд Арабиясы, 11 наурыз 2011 жыл.
Сауд Арабиясы корольдігіндегі адам құқықтарын қорғау ұйымдары елдің шығысындағы провинцияда үкіметтік күштердің шииттік шерушілермен қақтығысып, бір адамды өлтіргенін хабарлады. Үш адам жараланған.

Associated Press агенттігінің жазуынша, ұйымдар мен қақтығысқа куә болғандар Хатиф қаласының әл-Авамия ауданында полиция көліктеріне тас лақтырған кезде шерушілерге оқ атқанын көрген. Қауіпсіздік күштері ауданды қоршауға алған. Бірақ билік әзірге түсініктеме бермей отыр.

Шерушілер Хатиф қаласына сүнниттер басым Сауд Арабиясының үкіметінен "саяси тұтқындарды босатуды, реформалар жасауды және діни сипаттағы шиеленістерді тоқтатуды" талап етуге жиналған.
XS
SM
MD
LG