Accessibility links

Ресей: Батыс Сирияға қатысты өзгеше ұстанымда


Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Геннадий Гатилов.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Геннадий Гатилов.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Геннадий Гатиловтың айтуынша, Мәскеу Сирия президенті Башар әл-Асад үкіметін "елдегі дағдарысты бейбіт жолмен шешуге жағдай жасайтын тұрақтандырушы фактор" деп санайды.

Геннадий Гатиловтың айтуынша, Батыстың Сирия режиміне қатысты ұстанымы Ресейдікінен мүлдем өзгеше. "Себебі, Батыстың ұсыныстарына қарасақ, олар Башар әл-Асад режимін құлатуды көздейді" деді Гатилов. Ол мұндай мәлімдемені Батыс елдерінің Ресейдің өткен айда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Сирияға қатысты дайындаған қарарына өзгерістер енгізуіне жауап ретінде жасады.

Ресей Башар әл-Асадтың бәсекелестерін "Сириядағы зорлық-зомбылыққа ел үкіметімен бірдей жауапты" деп, Дамаскіге қару-жарақ сатуды тоқтатпайтынын ескерткен.
XS
SM
MD
LG