Accessibility links

Қазақстанның екі азаматы АҚШ-та қамауда отыр


Флорида штатының Панама Сити Бич қаласында кредит картасымен алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы - Камал Жетписбаев пен Григорий Зосим тұтқындалды деп хабарлайды The News Herald газетінің интернет сайты.

Сайттың жазуынша, Жетпісбаевтің үйіне жасалған тінту барысында телефондар, компьютерлер және заттарды орайтын көптеген қорапшалар табылған.Тергеушілер бұл заттардың барлығы да ұрланған карталар арқылы сатып алынған деп есептейді.

Жергілікті тұрғын әйел кредит картасындағы есеп-шоттан күмәнді шығындарды байқап, полицияға шағымданғаннан кейін 2011 жылғы желтоқсанның ағында тергеу амалдары басталған.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG