Accessibility links

Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихатсыз күн


Бүгін – қаңтардың 15-де өтетін парламент сайлауынан бір күн бұрын барлық үгіт-насихат шаралары тоқтатылған «тыныштық» күні.

Парламент мәжілісінің сайлауына 7 партия қатысады. Олардың арасында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы,«Ақ жол», Коммунистік халық партиясы, «Патриоттар» мен Жалпыұлттық социал демократиялық партия бар.

Парламентке өту үшін әр партия 7 пайыздық кедергіні еңсеруі тиіс.

Сайлауға 800-ден астам халықаралық бақылаушы тіркелген.Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы бақылаушылар желтоқсандағы толқуларда кемінде 16 адам құрбан болған, содан бері төтенше жағдай тәртібі енгізілген Жаңаөзен қаласына еш кедергісіз бара алады деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG