Accessibility links

Costa Concordia кемесінде жоғалғандар іздестірілуде


Құтқарушылар аман қалғандардың біреуін әкетіп барады, 14 қаңтар, 2012 жыл.

Құтқарушылар аман қалғандардың біреуін әкетіп барады, 14 қаңтар, 2012 жыл.

Италия саяхат кемесінің сенбі күнгі апатынан кемінде 50 адам жарақат алып, 70 жолаушы жоғалған, үш адам опат болған. Жергілікті басылымдарда жарық көрген соңғы мәліметтер осындай.
Қаза болғандардың аты-жөндері мен басқа да деректері әзірге анықталмаған.

Құтқарылған жолаушылар Costa Concordia кемесі қайраңдап, оң жақ бүйірімен суға батқан Джилио аралынан қауіпсіз жерлерге жеткізілді.
Бұрын хабарланғанындай, кемеде 3200 жолаушы және экипаждың 1023 мүшесі болған.

Құтқару операциясы жалғасып жатыр. Құтқарушылар кеменің суға батып үлгермеген бөлігін қарап тексеріп жатса, сүңгуірлер су астына кеткен каюталарды сүзіп шығуда.
XS
SM
MD
LG