Accessibility links

Тайванда президент сайлауы өтті


Тайвандағы президент сайлауында қазіргі президент,Гоминдан партиясының өкілі Ма Инцзю өзінің жеңіске жеткенін мәлімдеді.Сайлаушылардың дауыстарының 80 пайызы саналып біткен.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда Ма Инцзюдің басты бәсекелесі – Демократиялық прогрессивтік партияның жетекшісі Цай Инвэн 6 пайыз кем дауыс еншілеген.

Ма Инцзю Тайванды өзінің бүлікшіл аймағы деп есептейтін Қытай халық республикасымен тығыз қарым-қатынасты жақтайды, ал Цай Инвэн тәуелсіздікті толыққанды жариялау бағытын ұстанады.

Тайванды әлем елдірінің көпшілігі Қытайдың бір бөлігі деп біледі, дегенмен 1949 жылдан бері ол тәуелсіз мемлекет тұрғысында қалыптасып келеді.
Бейжің екі елді біріктіру жағында.
XS
SM
MD
LG