Accessibility links

ЖСДП: Сайлау қорытындысына сай шеру өткіземіз


"Азат" ЖСДП тең төрағасы Жармахан Тұяқбай. Алматы, 21 сәуір 2010 жыл.
"Азат" ЖСДП тең төрағасы Жармахан Тұяқбай. Алматы, 21 сәуір 2010 жыл.
Бүгін Алматыдағы №159 мектеп гимназияда орналасқан орналасқан № 311 сайлау учаскесінде "Азат" ЖСДП тең төрағасы Жармахан Тұяқбай парламент мәжілісінің сайлауына дауыс берді деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Дауыс беруден соң Жармахан Тұяқбай журналистерге "әр адамның өзі үшін дауыс беру керек екенін, ал сайлаудың әділ өтетінінен үмітті екендігін және cайлау нәтижесі қандай болғанына қарамастан, 17 қаңтар күні митинг өткізуге Алматы қалалық әкімшілігіне өтініш білдіргенін" айтты. "Егер ЖСДП жеңіске жетсе, онда оның жеңісті мерекелейтін шеру болатынын, ал егер сайлауда өздеріне берілген дауыстар ұрланса, наразылық шеруі болатынын" түсіндіріп айтты.

Парламент сайлауына қатысып жатқан "Азат" ЖСДП бұған дейін де "Қазақстанда сайлау әділ өтпейтін болса, онда митингіге шығатындарын" айтқан.
XS
SM
MD
LG