Accessibility links

Алматы сайлау учаскелерінде заң бұзылғаны хабарланды


Алматыдағы №263 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері. Кезектен тыс парламент және мәслихат депутаттарының сайлауы. 15 қаңтар 2012 жыл.

Алматыдағы №263 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері. Кезектен тыс парламент және мәслихат депутаттарының сайлауы. 15 қаңтар 2012 жыл.

Алматы қаласында бірқатар сайлау учаскелерінде сайлау қарсаңында заң бұзылды деп хабарлады "Жас сайлаушылар лигасы" ұйымы.

Қаңтардың 14-інде кейбір сайлау учаскелерінде үміткерлер туралы мәліметтердің жоқтығы, үгіт-насихат материалдарының болғаны анықталды делінген ұйымның хабарында.

"Жас сайлаушылар лигасының" мәліметінше, кейбір учаскелік сайлау комиссияларында бақылаушыларға сайлаушылар тізімімен танысуға рұқсат бермеген, олардың сайлау учаскелерінде болуына кедергі келтірген.

Ұйым Алматыдағы 30 сайлау учаскесінде бақылау жүргізіп жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG