Accessibility links

Шетел бақылаушылары: Жаңаөзенде сайлаушылар белсенділігі төмен


Жаңаөзен қаласының кіре берісіндегі нұсқаулық белгі. Көрнекі сурет.
Жаңаөзен қаласының кіре берісіндегі нұсқаулық белгі. Көрнекі сурет.
Жаңаөзенде сайлауда дауыс беріп жатқандардың белсенділігі төмен дейді қаладағы сайлау барысына бақылау жасап жүрген шетелдік бақылаушылар.

Азаттық тілшісіне сұхбат берген British Kazakh parliamentary group ұйымының өкілі Джон Уэйверли Жаңаөзен қаласында сайлау әзірге тыныш өтіп жатқанын, бірақ сайлаушылардың дауыс беру белсенділігінің төмен екенін айтты. Уэйверли Жаңаөзендегі оқиғалардың сайлау барысына қалай әсер ететінін білу үшін ешқандай шақыртусыз, өз бетінше келген.

АҚШ-тан келген бақылаушы, "Жаңа демократия" институтының атқарушы директоры Маргарита Ассенова да сайлауда дауыс берушілер белсенділігінің төмен екенін жеткізді.

Дүйсенбі күні шетелдік бақылаушылар Ақтау қаласында журналистерге баспасөз-мәслихатын өткізеді.
XS
SM
MD
LG