Accessibility links

Комендант: Жаңаөзенге жеті журналист жіберілмеді


Жаңаөзен қаласының коменданты Аманжол Қабылов.

Жаңаөзен қаласының коменданты Аманжол Қабылов.

Жаңаөзенге сайлау барысын хабарлауға келген жеті журналист жіберілмеді деп хабарлады Жаңаөзен қаласының коменданты Аманжол Қабылов бүгін Азаттық тілшісіне.

Қабыловтың айтуынша, сайлау барысын хабарлау үшін Жаңаөзен қаласына кіргізуге рұқсат сұрап он журналист өтініш білдірген. Олардың тек үшеуінің ғана өтініші қанағаттандырылған. Аманжол Қабылов қалаға кірген журналистерге тек сайлау учаскелерінде ғана бейнетаспаға түсіруге рұқсат етілгенін айтады. Бірақ комендант қалаға қандай журналистерге кіруге рұқсат берілгенін айтпады.

Аманжол Қабылов қалада жалпы ахуалдың тұрақты екені, қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау үшін ішкі істер министрлігінің 2 мың полиция жасағы жұмыс жасап жатқанын да жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, басқа облыстардан келген полицейлер Жаңаөзенде дауыс береді.

Жаңаөзенде парламент мәжілісінің сайлауы 17 желтоқсанда енгізілген төтенше жағдай тәртібі аясында өткізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG