Accessibility links

"Голос Республики" журналистері Жаңаөзенге жіберілді


«Голос Республики» басылымының журналистеріне Жаңаөзен қаласындағы сайлау учаскелеріне еркін кіруге рұқсат берілді деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеген "Қазақпарат" агенттігі.

Облыс әкімдігінің хабары бойынша, "Голос Республики" басылымының журналистерінен Жаңаөзен қаласындағы сайлау барысын хабарлауға өтініш түсіп, әкімдік оны Жаңаөзен қаласының комендантына жіберген. "Аталған журналистердің Жаңаөзен қаласындағы сайлау учаскелеріне кіруіне рұқсат беруге шешім қабылданды" делінген хабарламада.

Бұған дейін "Голос Республики" басылымы бас редакторы бастаған өз журналистерін Жаңаөзенге кіргізбегені туралы хабарлап, сайлауды заңсыз өтті деп танитындықтары жөнінде мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG